Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекМәжілістің бұрынғы депутаты, экс вице-министр Нұржан Әлтаевқа қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Нұржан Әлтаев 2018 жылдың ақпанынан 2020 жылдың шілдесіне дейін «Атамекен» ҰКП мүдделері үшін тиімді ресми шешім қабылдауға ықпалдасып, делдал арқылы Абылай Мырзахметовтен пара ретінде жалпы сомасы 50 млн теңгеден астам (115 мың АҚШ доллары және 8 млн 150 мың теңге) қаражат алды деп айыпталып отыр.
Сот үкімімен экс-вице-министр Әлтаев ҚК-нің 366-бабының 4-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 10 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды. Ол өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқара алмайды, - делінген ақпаратта.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Айта кетейік, 7 маусымда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жасырын іс-шаралар кешенінің нәтижелері бойынша экс-вице-министр Н.Б. Әлтаевты аса ауыр жемқорлық қылмыс жасады деген күдікпен ұстаған болатын.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?