13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңызРесей Федерациясының құрамындағы Бурятия Республикасының көлік, энергетика және жол шаруашылығын дамыту министрі Александр Гоге сыбайлас жемқорлық қылмысына күдікті ретінде құқық қорғау органдары тарапынан ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бурятия үкіметінің баспасөз қызметі министрдің ұсталу фактісін растады.
Бурятия Республикасының үкімет төрағасының орынбасары Вячеслав Сухоруков бұл жағдайды түсіндіре келе, министрдің ұсталуын тосын жағдай деп санамайтынын айтты. Оның сөзінше, өңір билігі осы іс аясында құқық қорғау органдарымен тығыз жұмыс жасаған.
Бүгінгі күні сыбайлас жемқорлық тек қылмыс қана емес, арнайы әскери операция жағдайында ол – сатқындық. Барлық коррупционерлердің орны – түзеу мекемелерінде, – деді Сухоруков.
Александр Гоге министрлік қызметіне 2021 жылдың наурыз айында тағайындалған болатын. Бұған дейін ол Ресейдің "Оңтүстік Байкал" федералды автожол басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарған. Министрлік қызметі барысында Гоге өңірдегі ірі инфрақұрылымдық жобаларды – жолдар, көпірлер және көлік айырықтарының құрылысы мен жөндеу жұмыстарын үйлестірген.
13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?10 Қыркүйек, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырды