30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыСоңғы екі жыл ішінде Палестинада 800-ден астам спортшы қаза тауып, 288 спорттық нысан жойылған, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Анадолының жазуынша, 2023 жылдың 7 қазанынан бері Израильдің шабуылдарына ұшырап келе жатқан Газа секторында сонымен қатар аштықпен күрес жалғасуда. Израильдің әуе шабуылдарының салдарынан Палестина спортындағы бірқатар танымал тұлғалар көз жұмды. Нысандар қатты зақымданып, спорттық инфрақұрылым күйреген. Палестина футбол қауымдастығының (PFA) мәліметінше, Газада 22 ай ішінде қаза тапқан 808 спортшының 421-і футболшылар болған.
Блокадада тұрған аймақтардағы спортшылар шабуылдармен қатар тамақ тапшылығы мен аштыққа қарсы күресіп жатыр. Газадағы халық та азық-түлік жетіспеушілігі мен аштықтың кесірінен спорттан алыстап кетті.
Израиль шабуылдарының салдарынан қаза тапқан палестиналық спортшылардың қатарында «Хан Юнус» футбол клубының ойыншысы Шади Эбул Арак, бұрынғы бас бапкер және клуб менеджері Таха Келлаб, сондай-ақ капитан әрі негізгі ойыншылардың бірі Мұхаммед Беракат бар. «Шабаб Хан Юнус» футбол клубының қақпашысы Шади Эбу Эль-Арадж та әуе соққысынан қаза тапқан.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды