6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерГаза секторындағы Палестина үкіметі Израиль армиясының гуманитарлық көмек жеткізген «Ханзала» кемесіне жасаған операциясын қатаң айыптап, бұл әрекетті «теңіз қарақшылығы» деп атады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Анадолының жазуынша, ресми мәлімдемеде кемеде болған еріктілердің қауіпсіздігі үшін толық жауапкершілік Израильге жүктелетіні айтылған. Сонымен қатар, БҰҰ мен халықаралық құқық қорғау ұйымдарына гуманитарлық миссияларға шұғыл қорғау шараларын қабылдау туралы үндеу жолданды.
Гуманитарлық көмекпен Газаға бағыт алған «Ханзала» кемесіне израильдік оккупациялық күштердің шабуылын барынша қатаң түрде айыптаймыз. Бұл - ашық агрессия мен заңсыз әрекет, - деп жазылған Палестина Үкіметінің мәлімдемесінде.
Израиль Сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, «Ханзала» кемесі халықаралық суларда ұсталып, бортындағы белсенділермен бірге Израиль жағалауына сүйреліп барады.
«Ханзала» кемесі 13 шілдеде Италияның Сиракуза портынан шыққан. 15-20 шілде аралығында техникалық ақауларды жою және соңғы дайындық үшін Галлиполи портында тұрған. 20 шілдеде кеме Газаға қарай бағыт алып, азық-түлік тапшылығынан адам өлімі тіркеліп жатқан аймаққа гуманитарлық жүк жеткізуді көздеген. Кемеде 10 елден жиналған 21 белсенді болған.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі