6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерПәкістанда маусым айынан бері толассыз жауған муссондық жауын-шашын мен су тасқынынан қаза тапқандар саны 299 адамға жетті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Бұл туралы PTV News телеарнасы Ұлттық төтенше жағдайлармен күрес басқармасына (NDMA) сілтеме жасап хабарлады.
NDMA дерегінше, 26 маусымнан бері табиғи апаттар салдарынан 140 бала қаза тауып, жалпы 715 адам жарақат алған. Су тасқынынан 1676 үй зақымданған, оның 562-сі толықтай қиратылған. Апат аймағынан 2889 адам эвакуацияланған, зардап шеккен өңірлерде гуманитарлық көмек жұмыстары жалғасып жатыр.
Айта кетейік, 28 шілдеде NDMA 279 адам қаза тауып, 676 адам жарақат алды деп хабарлаған болатын.
Оңтүстік Азияда маусым мен қыркүйек аралығында болатын муссондық жаңбырлар жыл сайын түрлі апаттарға себеп болып келеді.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі