6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерПәкістанның оңтүстік-батысында жанкешті жасаған террорлық шабуылдан 9 адам қаза тауып, 10-ы жараланды, деп хабарлайды El.kz Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.
Құрбан болғандардың барлығы - қауіпсіздік күшінің қызметкерлері. Жанкешті елдің оңтүстік-батысындағы Белуджистан провинциясында көлікті жарғанда, тағы 10 адамды жаралады.
Оқиға Болан ауданында болған, жанкешті жарылғыш зат қойылған мотоциклімен полицияның жүк көлігіне әдейі келіп соғылған.
22 әскери қызметші отырған жүк көлігіне қылмыскер эстакада маңында оқ жаудырған. Оқиға бойынша тергеу жұмыстары басталды, - деді аудандық полиция қызметкері Юсуф Карим Бхангар.
Айтуынша, оқиға қаупі туралы алдын ала ескертілген. Сиби және Болан аудандарында қауіпсіздік шаралары күшейтілгенімен, қылмыскер қаланың шетінде жоспарын іске асырып үлгеріпті.
Қайғылы жағдайға қатысты тергеу жүргізіліп жатыр.
Жаралылар жақын маңдағы ауруханаға жатқызылды, олардың екеуі хал үстінде.
Әзірге бірде-бір топ шабуылды мойындарына алған жоқ.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі