22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алдыШілде айында Пәкістан тауларында қаза тапқан Олимпиаданың екі дүркін чемпионы, белгілі биатлоншы Лаура Дальмайердің денесі эвакуацияланбайтын болды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Бұған дейін құтқару тобы бұрынғы спортшының денесін түсіруге әрекет жасайтыны хабарланған еді. Каракорум тау жотасында тур ұйымдастыратын жергілікті гид Калим Шани де мамандар эвакуация мүмкіндігін қарастырғанын айтқан болатын.
Алайда кейін бұл жоспардан бас тартылды. Дереккөздің хабарлауынша, өткен аптада құтқарушылар Лайла шыңындағы жағдайды қайта қарап, Дальмайердің денесін қалдыру туралы шешім қабылдаған. Мұндай шешімнің нақты себебі айтылмаған.
Еске сала кетейік, 28 шілдеде Лаура Дальмайер серіктесімен бірге Лайла шыңына көтеріліп келе жатқанда құлаған тастың астында қалып қойған. Бұл оқиға теңіз деңгейінен 5,7 мың метр биіктікте болған. Биатлоншы ауыр жарақат алып, көз жұмды. Ол небәрі 31 жаста еді.
Серіктесі жедел қызмет шақырғанымен, құтқарушы тікұшақ қолайсыз аймаққа 29 шілде күні таңертең ғана жеткен. Спортшының қазасы 30 шілдеде ресми расталды.
Кейінірек Дальмайердің өз еркімен алдын ала өсиет жазып кеткені белгілі болды. Онда спортшы егер тауда қаза тапса, ешкім өз өмірін қатерге тікпеуі керектігін, денесін эвакуациялаудың қажеті жоқтығын айтқан. Бұл тілегін ол ашық айтып қана қоймай, ресми түрде құжат түрінде рәсімдеген екен. Сондай-ақ бұл шешім оның отбасы үшін де маңызды болғаны атап өтілді.
Лаура Дальмайер - 2018 жылы Пхёнчхандағы Олимпиадада спринт пен із қуу жарысында екі мәрте чемпион атанған, жеті дүркін әлем чемпионы, 2016/17 жылғы Әлем кубогының иегері. Ол кәсіби спорттағы мансабын 2019 жылы аяқтады. Кейін тау және шаңғы гиді атанып, альпинизм мен құтқару қызметінде белсенділік танытқан.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев