2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүрПәкістан үкіметі АҚШ президенті Дональд Трампты 2026 жылғы Нобельдің бейбітшілік сыйлығына ұсынды. Бұл туралы ресми хабарлама ведомствоның X (бұрынғы Twitter) желісіндегі парақшасында жарияланды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Мәлімдемеде Трамптың «Үндістан мен Пәкістан арасындағы соңғы дағдарыс кезінде дипломатиялық шешімді батыл қолға алып, маңызды көшбасшылық танытқаны үшін» ұсынылғаны атап өтілген.
Дональд Трамп Исламабад және Нью-Делимен жүргізген белсенді дипломатиялық байланысы арқылы жағдайдың ушығуын тоқтатып, көрегендік көрсетті, – делінген Пәкістан үкіметінің хабарламасында.
Сондай-ақ, Трамптың әрекеттері екі ядролық держава арасында атысты тоқтатуға және ауқымды қақтығыстың алдын алуға мүмкіндік бергені айтылған. Мұндай шиеленіс аймақтағы және оның шегінен тыс миллиондаған адам үшін апатты салдарға соқтыруы мүмкін еді.
Өз кезегінде Дональд Трамп бұл жаңалыққа Truth Social желісінде пікір білдіріп, Нобель сыйлығын ешқашан алмайтынын айтты. Сонымен қатар, ол 23 маусымда Конго мен Руанда арасында АҚШ-тың қатысуымен бейбітшілік келісімге қол қойылатынын мәлімдеді.
Айта кетейік, Нобельдің бейбітшілік сыйлығына үміткерлерді ұлттық парламенттер мен үкіметтердің мүшелері, халықаралық соттардың өкілдері, университет ректорлары мен бірқатар пәндер бойынша профессорлар (тарих, философия, құқық, теология), бейбітшілік пен сыртқы саясатты зерттейтін ғылыми институттардың басшылары, сондай-ақ бұрынғы лауреаттар мен Норвегиядағы Нобель комитетінің мүшелері ұсына алады.
2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова