Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекАлматыдағы жоғары оқу орындарының бірінде студент қыздардың жеке деректері тарап кеткен. Бұл мәселеге қатысты Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек пікір білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Министр жеке деректерді, әсіресе медициналық сипаттағы деректерді беру, әрине, заң бұзушылық екенін атап өтті.
Бұған дейін әлеуметтік желілерде WhatsApp-та 190 адамнан тұратын топқа студенттер тізімі бар 4 құжат жіберілгені жайлы ақпарат тарады. Онда қызыл түспен белгіленгендер флюорографиядан өтуі керек болған. Тізімде қыздардың аты-жөндерінен басқа, ЖСН, ұялы нөмірлері және медициналық мәліметтері жазылған.
Сондай-ақ олардың қайсысы «қыз», қайсысы «қыз емес» екені туралы ақпарат та болған. Құжаттарды бүкіл университет көруі мүмкін.
Бұл жерде тікелей заң бұзушылық болғандықтан мәселе бақылауға алынды. Кінәлілер қолданыстағы заңнама аясында жазаланады. Жеке деректерді қорғау туралы заң бар. Бұл әкімшілік құқық бұзушылық туралы мәселе болып отыр, - деді Саясат Нұрбек мәжіліс кулуарында.
Министрдің сөзінше, бұл жеке деректерге немқұрайлы қарағандықтан болып отыр.
Мойындау керек, бұл мәселені заңмен қатаңырақ реттеу керек. Жалпы, бұл мәдени мәселе. Университетте мұндай фактілердің бар екені қынжылтады. Жеке деректер өте құпия ақпарат болып табылатыны туралы қатаң заңнамалық талап болмайынша, мәдениет өзгермейді, - деп түсіндірді министр
Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБүгiн, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болдыКеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?