Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыАстанада әйелін өлтірді деп айыпталған Қуандық Бишімбаевқа қатысты іске Салтанат Нүкенованың құрбысы Аида Ахмедина екінші рет куәлік етуге келді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Сотта Салтанат Нүкенованың құрбысына жазған хаты оқылды.
Кейде мен өзім оны түсінбей кетемін. Бірақ онымен бірге өмір сүре алмаймын. Жалғыз қалғым келеді. Бұл емделмейтін нәрсе. Бұл адамдарды емдеу мүмкін емес. Олар психологқа өздерінің жақсы, басқалардың ақымақ екенін айтуға барады. Екінші рет кетсем қайтып келуге болмайды. Ол психотерапевтке де барды. Алматыға психолог үшін бардық. Тайландтан келген мәскеулік психологқа 2 айға 10 мың доллар төледі. Бірақ нәтиже жоқ. Олар өзгермейді. Ол маған ұйқы бермейді. Өзі де түнімен ұйықтамайды. Менен бірнәрселерді сұрай береді, айқайлайды, жынданады. «Мен 2 тәулік ұйықтамадым» десем маған айқайлайды, - деп жазған Салтанат Нүкенова.
Айта кетейік, Қуандық Бишімбаевтың адвокаттары сотта Мәскеу қаласындағы "Н.И.Пирогов атындағы Ресей ұлттық зерттеу медициналық университетінің" ресейлік сот-медициналық сарапшыларының қорытындысын баяндаған. Судья Айжан Құлбаева ресейлік сот сарапшыларының қорытындысы қабылданбайтынын мәлім етті.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді