Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБиылғы сайлауда өзін-өзі ұсынған адамдарға мүмкіндік беру керек. Себебі, оларды халық таңдап отыр. Бұл туралы жазушы Алдан Смайылов айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
«Биылғы сайлаудың бір ерекшелігі бір мандатты округ атынан қатысушылар бар. Дегенмен мәжілістің 30 %-на бір мандаттылар ғана сайланса, қалған 70 %-на партия атынан ұсынылғандар сайланады. Осы тұрғыда бір мандаттыларға партия атынан қатысып отырған жандармен бірдей мүмкіндік беру керек деп есептеймін. Партияның депутаттары тек партияның сөзін сөйлейді. Олар өз пікірін, өз ұстанымын айтпайды, тек қана партияның ұстанымымен жүреді. Сондықтан өзін - өзі ұсынып отырғандарды да тең дәрежеде қолдау керек. Оларды халық таңдап отырғандықтан, олар халықтың сөзін сөйлейді, халықтың сөзін жеткізеді және оны іске асыратын бірден бір жандар. Билікке кезіндегі Мұхтар Шаханов сынды мықты, сөзі өткір, шындықты батырып тұрып жеткізетін азаматтар мен азаматшалар келеді деп үміттенемін»,- деді Алдан Смайылов.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары