30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыБҚО полиция департаментінде оқ жарақатын алған полиция қызметкері жансақтау бөліміне түсті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, қазіргі кезде оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Алдын ала ақпарат бойынша, ол өзін кездейсоқ атып жіберген.
Департамент мәліметіне қарағанда, полиция қызметкері жансақтау бөлімінде. ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жариялауға жатпайды.
БҚО денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің нақтылауынша, бүгін сағат 07.41-де Пугачев көшесі 45-мекенжайда орналасқан полиция департаментінің бақылау пункті ғимаратында оқ жарақатын алған адамнан қан кетіп жатқаны жөнінде шақырту түскен.
Жедел медициналық жәрдем бригадасы 2003 жылғы жігітті облыстық көпбейінді ауруханаға жеткізді. Науқасқа шұғыл түрде ота жасалды. Қазіргі уақытта жансақтау бөлімінде жатыр. Жағдайы өте ауыр, - деп делінген хабарламада.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды