7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?Жамбыл облысындағы №4 Жуалы мектебінің директоры мен өзін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің төрағасы ретінде таныстырған бейтаныс адам арасындағы телефон әңгімесі нақты құқық бұзушылық дерегіне айналды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктің Жамбыл облысы бойынша департаменті ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Тексеру барысында Атырау облысында тұратын азаматтың (азамат «С») жеке басы анықталған. Ол өзін агенттік төрағасы ретінде көрсетіп, жұмыс орнында мас күйде болып, тәртіп бұзғаны үшін жұмыстан босатылған адамды қайта жұмысқа алуға ықпал етуді сұраған.
Аталған факті бойынша азамат С-ның әрекетінде әкімшілік құқық бұзушылық белгілері бары анықталып, іс құжаттары Атырау облысының Полиция департаментіне жіберілді.
8 мамырда полиция қызметкерлері ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 73-3-бабы, 2-бөлігі бойынша хаттама толтырып, материалды Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотына жолдаған.
4 мамырда өткен сот отырысында азамат өз кінәсін толық мойындап, жасаған әрекетіне өкінетінін жеткізді. Сот үкімімен ол айыппұл төлеу түріндегі әкімшілік жазаға тартылды.
7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?7 Шілде, 10:00
Миллион жазылушы – дайын вице-президент? Қазақстан спортындағы жаңа тренд2 Шілде, 09:05
Қазақстанда кино суретшісінің еңбегі әлі де толық бағаланбайды – Бекен Нарбай1 Шілде, 17:41
Алакөлден Ыстамбұлға дейін: жазғы демалысқа қайда баруға болады?