6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерӨзбекстанда сотталғандардың жазасын кітап оқу арқылы қысқарту ұсынылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Өзбекстанда түрме жазасын қысқарту үшін кітап оқу бағдарламасы енгізілуі мүмкін. Парламент бұл бастаманы бірінші оқылымда мақұлдады. Жобаға сәйкес, Қылмыстық кодекске сотталғандарды «рухани түзету» туралы жаңа бап енгізу қарастырылған. Осы бағдарлама аясында сотталғандар арнайы бекітілген кітаптар тізімінен кітап оқып, кейіннен емтихан тапсыру арқылы әр оқылған кітап үшін жазасын үш күнге қысқарта алады.
Көркем әдебиетті оқу сотталғандарға өз сезімдері мен эмоцияларын түсінуге ғана емес, сонымен қатар қоғамдағы басқа адамдардың да сезімдері мен көзқарастарын, олардың өмірге деген ұстанымдары мен ұмтылыстарын ұғынуға көмектеседі, – деді елдің ішкі істер министрінің орынбасары Рамазон Ашрапов.
Оның айтуынша, Өзбекстандағы 49 түрменің барлығында кітапханалар бар, оларда 230 мыңнан астам кітап жиналған.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі