6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерӨзбекстан басшысының Жарлығымен кезектен тыс президент сайлауы 2023 жылдың 9 шілдесіне бекітілді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Кеше Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев мемлекет басшысының мерзімінен бұрын сайлауын өткізу туралы мәлімдеме жасаған болатын.
Сонымен қатар, ол жаңартылған Конституция Президентке, Парламентке, Үкіметке, министрлерге, әкімдерге шұғыл жаңа саяси, әлеуметтік және экономикалық міндеттер жүктейтінін алға тартқан.
Біздің халқымыз бізден барлық салада аса маңызды және өзекті өзгерістер мен реформаларды күтіп отыр. Әлемде және өңірде өткір және күрделі процестер жүріп жатқан қазіргі жағдайда дамудың дұрыс және тиімді жолын іздеу және іске асыру ең өзекті және маңызды мәселе болып табылады, — деді Шавкат Мирзиеев.
6 мамырда Өзбестанда сайлау кодексіне президентті, заң шығару палатасының депутаттарын және Сенат мүшелерін мерзімінен бұрын сайлауға қатысты түзетулер енгізілген еді.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі