Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыӨзбекстанда жас келіншек өзінің жарына ерекше тарту жасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Әлеуметтік желіде тараған видеода блогер өзінің өмірлік жолдасына арнап романтикалық кешкі ас ұйымдастырған.
Оқи отырыңыз:
Блогер салтанатты залды жалға алып, ер азаматына ортада тұрған үлкен қорапты ашуды ұсынды. Ал қораптың ішінде оны тоқал күтіп тұрған. Блогер күйеуінің тоқалына той көйлегін де кигізіп қойған. Тіпті айтулы сәтті атап өту үшін отшашулар да ұйымдастырылған. Ал мұндай сыйлық күйеуінің көңілінен шыққан тәрізді.
Желіде тараған видео полицияның да назарына ілікті. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері видео авторларымен әңгімелесу жүргізіп, Өзбекстанда бірнеше әйел алуға заңмен тыйым салынғаны, тиісінше ол үшін Қылмыстық кодексте арнайы бап қарастырылғаны айтылған. Бұған дейін бірнеше әйел алған 38 ер адам жазаға тартылғанын жазғанбыз.
Көп ұзамай блогердің өзі бұл әрекеті үшін кешірім сұрап, мұнысын күйеуіне жасалған пранк деп түсіндірді.
Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар