23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіЛатын әліпбиіне көшуде Өзбекстан мен Әзербайжан тәжірибесін меңгеру керек. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев ҚР Үкіметінің отырысында мәлімдеді.
«Үрдіс өте ұзақ. Президент айтқандай, барлығына баппен қарау керек. Биыл мамандар және ғалымдармен келісеміз, ақылдасамыз. Жыл соңына таман бір шешімге келуіміз керек. Осыдан барып мектептерді дайындау бойынша кесте жасалады. Нақты ақпарат жыл соңына қарай белгілі болады», - деді министр.
Оның айтуынша, Өзбекстан мен Әзербайжан тәжірибесін меңгеру үшін аталмыш елдерге зерттеу мақсатымен делегацияларды жіберу керек.
«Олардың жіберген қателіктерін есепке алып, тыңғылықты зерттеу жүргізу керек. Алдымен, сараптамалық жұмыс жүргізіліп, кейін меморган мен депутаттар талқылауы тиіс», - деді Е.Сағадиев.
Ақбота Күзекбай
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады