23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіӘлеуметтік желілерде Өзбекстан президентінің күйеу баласы әрі қауіпсіздік қызметінің штаттан тыс орынбасары Отабек Умаровтың суреті қызу талқыланып жатыр. Жергілікті блогер Санжар Қожа жариялаған фотода Шавкат Мирзиеевтің кіші күйеу баласы құны шамамен 2 миллион доллар тұратын сағат тағып алғанын байқауға болады, деп хабарлайды yep.uz-ге сілтеме жасап El.kz ақпарат агенттігі.
Желілерде Отабек Умаровтың қымбат сағатынан бөлек оның өзбек жанкүйерлерімен жасөспірімдер арасындағы футбол матчының финалына барған видеосы да қызу талқыланып жатыр.
Өзбекстан Футбол федерациясы ұйымдастырған чартерлік рейс 3 мамырда Ташкенттен ұшып, 4 мамырда оралған. Мұндай ұшақты бір сағатқа жалға алу құны әдетте 18 000 доллардан асады.
Айта кетейік, Richard Mille RM UP-01 Ferrari брендіне тиесілі қол сағаты әлем бойынша тек 150 данамен сатылымға шығарылған.
Отабек Умаров мемлекекеттік қызметкер. Яғни, халық төлеп отырған салықтың арқасында жалақы алады. Алайда ол мұндай қымбат сағатты қандай ақшаға алды? Егер оның бизнесі болса, салық төлеп отыр ма?,-деп жазды басылым.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады