Бүгiн, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болдыШымкентте ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы заңсыз еңбекке тартты деген күдікпен екі кірпіш зауытының қожайынын ұстады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
14 қазанда Алматы қалалық ПД-ның “102” арнасына Ақтөбе қаласының тұрғынынан арыз түсті. Арыз беруші Өзбекстан азаматы, ағасы еңбек құлдығынан қашып құтылып, өзінің жанына Алматыға келгенін жеткізді. Айтуынша, бұған дейін оны Шымкенттегі кірпіш зауытының қожайындары физикалық күш көрсетумен қорқытып, ұстап келген.
Алайда белгісіз біреулер қайтадан інісінің ізіне түсіп, қара түсті BMW көлігімен ұрлап кетіпті. Қылмыстың ауырлығын ескере отырып, Алматы және Шымкент қалаларының ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері бірлескен арнайы жедел іс-шаралар жүргізіліп, нәтижесінде Шымкент қаласы мен Түркістан облысының тұрғындары, үш ер адам ұсталды.
Олар кірпіш зауытының иелері, екеуі ағайынды бауыр болып шықты. Тінту жұмыстарын жүргізу кезінде жедел уәкілдер екі зауыттың аумағынан 60-тан астам шетелдікті тапты, олардың барлығы көрші Өзбекстаннан келген.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында шетелдіктер зауытқа жұмысқа шақырылғаны анықталды. Содан кейін, олардың құжаттарын тартып алып, жалақы берілмегені және үнемі физикалық зорлық-зомбылық көрсетіліп, корқытып ұстағаны белгілі болды. Бүгін де 25 шетелдік жұмысшы “Сана-сезім” қоғамдық бірлестігінің қамқорлығында болса, 30-дан астам азамат жеке басын куәландыратын құжаттарының болмауына байланысты қабылдап-тарату орталығына орналастырылды.
Полицияға күдіктілерге қатысты шетелдік азаматтардан үш ресми арыз түсті. Күдіктілер қамауда. Олардың үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 126-бабы (Еңбекке қанау мақсатында бас бостандығынан заңсыз айыру) және 389-бабы (Өзінше билік ету) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Сараптама тағайындалды.
Бүгiн, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болдыКеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды