7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?Абай облысы, Ақсуат ауданында әр жылдары «Алтын домбыра» және «Асыл домбыра» жеңімпаздары арасында айтыс өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл додаға Бекарыс Шойбеков, Мұхтар Ниязов, Рүстем Қайыртайұлы, Жансая Мусина, Қазірет Бердіхан, Аспанбек Шұғатаев, Мұрадым Мирланов пен Айбек Жеңісқазин қатысты.
Финалда «Алтын домбыраның» үш дүркін иегері Мұхтар Ниязов пен «Асыл домбыра» республикалық айтысының алғашқы жеңімпазы Қазірет Бердіхан айтысты. Қазылар шешімімен алматылық ақын жеңіске жетті. Қазіретке автокөліктің кілті табысталды. Айта кетейік, Қазірет Бердіхан финалға дейін “Алтын домбыра” жеңімпаздары Бекарыс Шойбеков пен Аспанбек Шұғатаевты жеңді.
Ақсуаттағы айтысқа қатысып, алғашқы айналымнан сүрінгендерге ASSYLTAS қоғамдық қоры екі миллион, ал жұп жеңімпаздарына 3 миллион теңге сыйақы үлестірді.
7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді1 Қазан, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?1 Қазан, 11:32
«Шындықты жайып саламын»: Роналду ұлттық құрамадан кетті ме?