Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыДостар, қазір Қазақстанның барлық кинотеатрларында «Міржақып. Оян, қазақ!» деген отандық кинематограф тарихындағы ең танымал фильмдердің бірі көрсетіліп жатыр… Картинаның режиссері Мұрат Есжан. Бұл кісіні халқымыздың сана-сезімінде нағыз патриотизмді оятқан маэстро десем қателеспеймін. Біздің кездесуіміз жемісті өтті. Мен Мұратты Шоқан Уәлиханов атындағы мектепке, оқушыларға дәріс оқу үшін арнайы шақырдым. Сонымен қатар, мектеп қабырғасында «Міржақып. Оян, қазақ!» сериалының жабық көрсетілімі өтетінін айтқым келеді, - деп жазды Кеңес Рақышев.
Фильм туралы әңгімелестік, оның өскелең ұрпақ үшін үлкен мұра болып қаларын талқыладық. Бірақ іс мұнымен бітпейді. Мұрат нағыз режиссер ретінде өзінің жаңа жобасын ұсынды. Атақты жазушы Бердібек Соқпақпаевтың «Жекпе-жек» туындысы бойынша, ол спорттық негіздегі фильм түсірмек. Бұл идея мені бірден қызықтырды. Өйткені, мұндай жоба Қазақстан бокс федерациясына оң септігін тигізеді, және біздің жанкүйерлер мен көрермендердің жүрегін жаулап алады деген нық сенімдемін. Сондықтан, мен, әрине, өз ісінің нағыз шеберіне қолдау көрсетемін, - деді К.Рақышев.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары