Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекАмерикалық актер Адам Сэднлер Голливудтағы 2023 жылғы жалақы ең көп төленетін актерлердің тізімін бастады, үздіктер «үштігіне» Марго Робби мен Том Круз да енді, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі Kazinform-ға сілтеме жасап.
Бұл туралы рейтингті Forbes жариялады. Forbes-тің бағалауынша, Сэндлер 2023 жылы 73 млн доллар табыс тапқан. Оның табысының едәуір бөлігі Netflix-пен ынтымақтастықтан түсетіні аталған.
Рейтингте екінші орынды әлемдік прокатта 1,4 млрд доллардан астам табыс жинаған „Барби“ (Barbie, 2023) фильмінде ойнаған Робби иеленді. Актриса 2023 жылы 59 млн доллар табыс тапты, - деп жазды Forbes.
Үшінші орында тұрған Том Круздың табысы былтыр 45 млн долларға жеткен. Актер өзінің негізгі табысын жаңа фильмі «Миссия мүмкін емес: өлімге әкелетін есеп. Бірінші бөлім» (Mission: Impossible — Dead Reckoning Part One, 2023) атты жаңа фильмінің арқасында қол жеткізген.
Төртінші орынды Райан Гослинг пен Мэтт Деймонд өзара бөлісті, олардың 2023 жылы тапқан табысы — $43 млн.
Табысы жоғары актерлер «ондығына» сондай-ақ Дженнифер Энистон ($42 млн), Леонардо ДиКаприо ($41 млн), Джейсон Стэйтем ($41 млн), Бен Аффлек ($38 млн) және Дензел Вашингтон ($24 млн) кірді.
Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБүгiн, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болдыКеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?