Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБылтыр Ақтау портынан экспортқа 3 млн 376 мың тонна мұнай тасымалданды. Бұл бұрнағы жылғы көрсеткіштен 1 млн 108 мың тоннаға көп, - деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі mangystaumedia.kz-ке сілтеме жасап.
«ҚазТрансОйл» компаниясы баспасөз қызметінің мәліметінше, Қазақстан мұнайын Ақтау портынан экспортқа тасымалдау көлемінің артуы «Баку-Тбилиси-Джейхан» мұнай құбыры бағытында жөнелтілетін шикізат көлемінің ұлғаюымен байланысты болып отыр.
2022 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Транскаспий дәлізі бойынша мұнай тасымалдауды арттыруды тапсырды. Осы тапсырмаға сәйкес «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ мен Әзербайжан Республикасының SOCAR мемлекеттік мұнай компаниясы «Теңіз» кенішінен «Баку-Тбилиси-Джейхан» мұнай құбыры бағытында жылына 1,5 миллион тоннаға дейін мұнай тасымалдауды көздейтін келісім жасады. Былтыр «Баку-Тбилиси-Джейхан» бағытымен тасымалданған мұнай 250 мың тоннадан 1 млн 392 мың тоннаға артты. Бұл 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5,5 есеге артық. «Теңіз» кенішінен осы бағыт бойынша 1 миллион 057 мың тонна мұнай жөнелтілді, -деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.
Сондай-ақ Ақтау портынан Махачкала портына қарай 1 млн 984 мың тонна мұнай жіберілген. Бұдан бұрын Каспий құбыр консорциумы Қазақстаннан 56 млн тонна мұнай тасымалдаған еді.
Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары