22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды«Өткел» көрмесінің негізгі концепциясы – өткен мен бүгін арасындағы өзгерістерді жад, естелік және тарихи тәжірибе арқылы саралау. Автор техникалық прогрестің қарқынды дамуы адамзаттың дүниетанымына қалай әсер етіп жатқанын көркем образдар арқылы жеткізуге тырысқан.
Автордың айтуынша, көрме бүгінгі қоғамдағы өзгерістерді өткен кезеңмен салыстыра отырып, адамзаттың болашақ миссиясы туралы ой қозғайды.
Біздің қоғамда, біздің дәуірде болып жатқан жаңалықты салыстыра келе, адамзаттың болашақ миссиясы туралы ойландым. Қазір адамзат үлкен бір өткелдің алдында тұрғандай сезіледі. Көрерменге де осы тақырыптар аясында сұрақтар қойылады. Композициялық шешімдер арқылы түрлі мазмұндағы терең ойлар ашылды. Жалпы жұмыстарды орындауға шамамен төрт ай уақыт кетті, – дейді суретші.
Көрме ерекшелігі туралы сөз қозғаған суретші Оралбек Қабөке бұл жобаның оның бұрынғы еңбектерінен айтарлықтай айырмашылығы бар екенін атап өтті. Сөзінше, «Өткел» көрмесі кеңістікті үш өлшемде ұйымдастыру арқылы жасалған және экспозицияға қойылған жұмыстардың басым бөлігі скульптуралық-инсталляциялық форматта орындалған.
Бұл жұмыстар мүсін ретінде ғана емес, кеңістіктік ойлау арқылы жасалған кешенді композициялар. Сонымен қатар оларда кескіндеме элементтері де ұштасып жатыр. Яғни мүсін өнері мен кескіндеме өнері бір кеңістікте тоғысып, синкреттік сипат алады. Әр туындыда аралас техника мен аралас материал кеңінен қолданылды. Бұл әр жұмыстың өзіне тиесілі ойды көркем түрде ашуына мүмкіндік береді, – дейді Оралбек Қабөке.
Суретші мысал ретінде «Алмасу: трансформация» атты инсталляциялық жұмысты да атап өтті. Бұл шығармада жылқының терісі, бас сүйек және электронды техниканың платалары қолданылған.
Мысалы, «Алмасу: трансформация» атты инсталляциялық жұмысымда жылқының терісі, бас сүйегі және электронды платалар қолданылды. Әрбір материал өзімен бірге белгілі бір ақпарат пен символдық мән алып жүреді. Олар біріге отырып, трансформация мен өзгеріс идеясын тереңірек жеткізеді, – дейді автор.
Көрме кураторлары Тоғжан Құрманжанқызы мен Мақпал Жұмабай автор шығармашылығының ерекшелігіне арнайы тоқталды.
Оралбек Қабөкенің шығармашылық ізденістері адамзат эволюциясымен сабақтасып, болашақтағы адамның әлеуметтік рөлі мен рухани келбеті қандай болуы керек деген сауалға жауап іздейді, – дейді кураторлар.
Оралбек Қабөке – қазақстандық заманауи суретшілер арасында өзіндік стилі қалыптасқан ерекше автордың бірі. Оның жұмыстары көркем форма мен философиялық мазмұнды қатар ұштастырып, көрерменді тек эстетикалық әсерге емес, терең ойға да жетелейді.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев