Ішкі істер министрлігінің өкілі Шұғыла Тұрлыбек криминалдық ахуал бойынша өткен аптадағы статистиканы ұсынды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бір аптада 3011 қылмыс жасалды. Оның 1810-ы тәулік ішінде ашылды» - деді ол ведомствоның онлайн брифингінде.
Оқи отырыңыз:
ІІМ өкілінің айтуынша, бір аптада кісі қолынан 10 адам қайтыс болған.
Полиция қызметкерлері ізін суытпай кісі өлтірудің – 5, өлімге әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірудің – 5, қарақашылықтың – 1, тонауға қатысты – 34, бөтеннің мүлкін ұрлау бойынша 430 қылмысты ашты, - деді Шұғыла Тұрлыбек
Еске сала кетейік, Астанадағы «Мегада» төбелес ұйымдастырған бұрынғы әлем чемпионы Бейбіт Шүменовке іздеу жарияланғаны туралы жазған болатынбыз.