Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыАстанадағы мейрамханада адам қолынан қаза болған Салтанат Нүкенованың туыстары іс туралы айтты. Бұл туралы Massaget.kz сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қылмыстық іс қозғалғалы бірнеше күн ішінде үш тергеуші ауысқаны белгілі болды. Бұл туралы марқұмның туыстары Instagram-да жазды.
Желіде жалған жазбалар мен пікірлердің пайда болуына байланысты «басып тастауға» немесе жағдайды жеңілдертуге тырысып жатыр ма деген ой пайда болады. Іс қозғалғаннан бері үш тергеуші ауысты, қандай себеппен екені белгісіз, бұл күдік тудырады. Бұл ретте ескі тергеушілер жаңасының нөмірін бермейді, қоңырауларға да жауап бермейді, - деп жазады марқұмның туысы.
Салтанат Нүкенованың туыстары әділ тергеу жүргізуді сұрады.
Өкінішке қарай, орны толмас қазаға қайғырудың орнына өзімізді қолға алып, өтіріктен қорғануға тура келіп отыр, - делінген жазбада.
Марқұмның туыстары айыпталушы тарап бәрін өз пайдасына қолдана ма деп қорқатынын жеткізді.
Оның сау жері болмады. Бізде мәйіттің суреті мен видеосы бар, егер көрсеңіз, бұл өте қатыгездікпен жасалған кісі өлтіру екеніне күмәнданбас едіңіздер. Әділ тергеу жүргізіп, сіңліме жасалған аяусыз зорлықты ақтауға тырыспауды сұраймын, - деп жазды қыз.
Еске салайық, 9 қарашада экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ұсталғаны белгілі болды. Астанадағы мейрамханалардың ол әйелін соққыға жығып, салдарынан ол оқиға орнында көз жұмған.
Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары