Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекТанымал блогер Алексей Лодочников цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусиннің сөзіне шүйлікті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы ол Instagram-дағы парақшасында жариялады. Оның сөзіне қарағанда, елорда тұрғындарының екі себеппен қабағы қатулы жүреді: бірі – климат, екіншісі – сапасыз интернет.
Бағдат Мусин, сіз біздегі интернет сапасының жақсы екенін айтасыз. Ал астаналықтардың барлығы интернеттің сапасына наразы. Интернет өте жылдам болатындай сіздің үйіңіздің қай жақта орналасқанын, сіздің қайда тұратыныңызды білмеймін, – деді Алексей.
Блогердің сөзіне қарағанда, ол көптеген тұрғын үйде өмір сүріп көрген және олардың ешқайсысында да интернет сапасы көңіл көншітпейді.
Өтірік айта беруді доғарыңыз! Сіз біздегі интернет сапасы Токиодан асып кетті дегенде, бұл сөзіңізге өзіңіз де сенген жоқсыз. Бұл көрініп тұрды. Себебі сізге мұның бәрін қағаз жүзінде әкеліп берді. Министр ретінде барлық ақпаратты тексеруге кеңес беремін. Токиода тұратын достарым бар, олар Қазақстанда да өмір сүрген. Олар салыстыра алатыны анық. Сіздің сөзіңізді естігенде, әбден күлді, – дейді блогер.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?