Кеше, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерАстанада полиция департаментінің Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл бөлімі қызметкерлеріне арналған арт-терапия семинары өтті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Іс-шара «Отбасындағы зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» республикалық акциясы аясында ұйымдастырылған. Жиын ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің, сондай-ақ Қазақстандағы «БҰҰ-әйелдер» құрылымы Кеңсесінің қолдауымен өтті.
Семинар барысында тәртіп сақшылары кәсіби күйзелістің алдын алу жолдарын, психологиялық тұрғыдан өз-өзіне қолдау көрсету әдістерін үйренді. Сонымен қатар, қатысушылар үшін арнайы арт-терапия сеансы ұйымдастырылды. «Отбасындағы зорлық-зомбылықсыз Қазақстан» науқаны биыл 20 мамыр мен 20 маусым аралығында еліміздің барлық өңірінде өтіп жатыр.
Басты мақсат — қоғам назарын тұрмыстық зорлық-зомбылықтың өзекті мәселесіне аудару, отбасы құндылықтарын, өзара сыйластық пен қолдауды насихаттау, сондай-ақ құқық қорғау органдарының осы саладағы жұмысы жөнінде көпшілікті хабардар ету болып отыр, - деп жазылған елорда әкімдігі таратқан хабарламада.
Кеше, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі