Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыАстанада некеге тұрардан бұрын некені тіркеуге өтініш берген азаматтарға тегін кеңес беру және оқыту жобасы аясында тренинг өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше, көтерілген мәселелердің қатарында отбасын жоспарлау, отбасылық психология, репродуктивті денсаулық және т.б. бар.
Тренинг қарым-қатынастағы негізгі құқықтық аспектілермен танысуға, отбасылық бюджетті жоспарлауға, эмоционалды интеллектті басқара білу және сау отбасылық қарым-қатынас орнатуға бағытталған, - делінген мәліметте.
Іс-шараға некеге тұруды жоспарлап жүрген 12 жұп және Астана қаласы мен Ақмола облысындағы отбасын қолдау орталықтарының 10 маманы қатысты.
Ведомство мәліметінше, қатысушылар құқықтық сауаттылық, зорлық-зомбылыққа түбегейлі төзбеу, қаржылық сауаттылық, эмоционалды интеллект, серіктестік пен жауапкершілік, репродуктивті денсаулық және отбасын жоспарлау сияқты 6 тақырып бойынша көптеген мәселелермен және оларды шешу әдістерімен танысты.
Жаттықтырушы ретінде халықаралық кәсіби қоғамдастықтарға белгілі қазақстандық сарапшылар сөз сөйледі. Соңында жас ерлі-зайыптылар үйлесімді қарым-қатынас пен бақытты отбасын құру үшін осындай тренингтердің қажеттілігі туралы пікірін бөлісті, - делінген.
Тренинг пилоттық режимде Мәдениет және ақпарат министрлігі мен БҰҰ-ның Қазақстандағы Тұрғын халық саласындағы қорымен (ЮНФПА) бірлескен жоба аясында өтті.
Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар