7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің өкілдері Алматы қаласы мен Алматы облысының Отбасын қолдау орталықтарына барды, деп хабарлайды El.kz ведомствоға сілтеме жасап.
Арнайы мониторингтік сапар барысында орталықтардың құрылтай құжаттары, кадрлық, ұйымдастырушылық және материалдық-техникалық мүмкіндіктері тексеріліп, азаматтарды қабылдау және олардың өтініш беру тәртібі қаралды.
Жалпы, биыл еліміздің барлық өңір бойынша 68 Отбасын қолдау орталықтарына мониторинг жүргізу және тексеру қорытындысы бойынша жергілікті атқарушы органдарға орталықтардың жұмыс тиімділігін арттыру бойынша ұсынымдар беру жоспарланған.
Бұл жұмыс Қазақстан Республикасындағы 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарына сәйкес жүргізіледі.
Отбасын қолдау орталықтары – азаматтардың жекелеген санаттарына (көп балалылар, мүгедектігі бар адамдар, толық емес және аз қамтылған отбасыларға, мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналарға) «бір терезе» қағидаты бойынша консультациялық қызметтер кешенін ұсынады, психологиялық, әлеуметтік және заң көмегін, сондай-ақ отбасы институтын нығайтуға бағытталған жан-жақты қолдау көрсетеді.
7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?7 Шілде, 10:00
Миллион жазылушы – дайын вице-президент? Қазақстан спортындағы жаңа тренд2 Шілде, 09:05
Қазақстанда кино суретшісінің еңбегі әлі де толық бағаланбайды – Бекен Нарбай1 Шілде, 17:41
Алакөлден Ыстамбұлға дейін: жазғы демалысқа қайда баруға болады?