Cпорт жұлдыздары тек алаңдағы жетістігімен ғана емес, жеке өмірімен де көпшілікке үлгі бола алады. Әсіресе, жанкүйерлер үшін отбасы құндылығын жоғары қойып, оны әлеуметтік желіде ашық көрсететін спортшылардың жөні бөлек.
1. Криштиану Роналду
Криштиану Роналду – әлемдегі ең танымал футболшы ғана емес, көпбалалы әке. Ол сүйіктісі Джорджина Родригеспен және балаларымен түскен суреттерді жиі жариялап, отбасы басты құндылығы екенін үнемі көрсетіп отырады. Роналду смұхбаттарында да әке ретіндегі рөлі туралы айтады. Ұлына айтқан ақылын, оның тәрбиесіне көңіл бөліп, келешегіне сеніммен қарайтынын атап өтеді. Футболшының таңдауы Родригес те Instagram парақшасында ұл-қыздарымен контент жариялап жүреді.
2. Лионель Месси
Лионель Мессидің әуелгі стихиясы – отбасы. Оның сабырлы мінезі, у-шудан аулақ болмысы – осыны айқындап тұрғандай. Тіпті, футболшының әйелі Антонелламен танысуы, табысуы да бір фильмге арқау боларлық оқиға. Бала кезден ғашық болған аруына үйленген Лионель оның көңілін қалдыратын әрекетке әсте бармайды. Таныс әрі бейтаныс бойжеткендермен суретке түскенде алшақтық сақтап, әйеліне құрмет көрсетеді. Жары Антонела Роккуццомен бірге үш ұл тәрбиелеп отыр. Олар әлеуметтік желіде ұлдарының футбол жаттығуына барғанын, туған күнін тойлағанын, атаулы мерекелерді атап өткенін үнемі жариялайды.
3. Серена Уильямс
Серена Уильямс – тек теннис аңызы ғана емес, мейірімді ана. Ол қызымен өткізген уақытын әлеуметтік желіде жиі жариялап, ана рөлдің маңызын көрсетеді. Спорт пен отбасыны қатар алып жүруге болатынын дәлелдеген тұлға.
4. Дэвид Бекхэм
Дэвид Бекхэм – үлгілі әке, аяулы жар, таңдаулы спортшы.Балаларымен және жұбайы Викториямен түскен суреттері әлеуметтік желіде жиі жариялайды. Әсіресе, жанкүйерлер қызы Харпермен бірге жасаған контенттерін жоғары бағалайды. Ол отбасына көңіл бөлу – табыстың қайнар көзі екенін көрсетеді.
5. Леброн Джеймс
Леброн Джеймс – NBA жұлдызы ғана емес, қамқор әке. Ол балаларын спортқа баулып, олардың жетістіктерін мақтанышпен бөлісіп жүр. Леброн үшін отбасы – мотивацияның ең үлкен көзі. Жанкүйерлер де спортшының отбасылық контентін күтеді.
6. Новак Джокович
Новак Джокович – әлемнің төртінші ракеткасы. Ол жұбайы Елена және балаларымен бірге өткізген сәттерін жиі бөліседі. Джокович отбасы мен рухани құндылықтарды бірінші орынға қоятынын жиі айтады.
7. Стефен Карри
Стефан Карри – NBA жұлдызы әрі үлгілі әке. Ол жұбайы Айеша және балаларымен бірге түскен видеолары мен суреттерін жиі жариялап, отбасы жылуын көрсетеді. Табысты спортшының артында адал жары, отбасы барын нұсқайды. Әйеліне де дамуға, карьерасын құруға көмектеседі.