13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңызАтырау облыстық тарихи-өлкетану музейі залында өткен жиынды Атырау облысы әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев ашты. Жиын кезінде сөз сөйлеген Президент кеңесшісі Мәлік Отарбаев жуырда өткен референдумның мақсат-міндеті мен маңызын, Жаңа Қазақстанды құрудың бағыт-бағдарын, Ұлытауда өткен құрылтайда айтылған жайттар, жаңа құрылған үш облысқа мемлекет тарапынан белгіленген жоспарлы іс-шаралар жайлы қысқаша айтып өтті.
Зиялы қауым өкілдерімен кездесу бейресми диалог түрінде өткізілді. Басқосу барысында әлеуметтік, мәдени, қоғамдық ауқымды мәселелер талқыланды. Өңірге еңбегі сіңген әр саланың ардагерлері Президент кеңесшісіне облыстағы бірқатар мәселелерді шешуді жеткізді.
Қазіргі таңда Әділетті Қазақстанға жаңарған Конституция керек екені анық. Ендігі мақсат - жаңаша сайлау өткізу. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 1 қыркүйектегі Жолдауында өзінің өкілеттік мерзімін шектеуге және кезектен тыс Президент сайлауын өткізуге дайын екенін ашық айтты. Бұл Әділетті Қазақстанда жаңаша сайлау өткізу керек деген сөз, - деді М.Отарбаев.
Президент кеңесшісінің жұмыс сапары Абай орталығындағы жастармен кездесуде жалғасын тапты. Мәлік Отарбаев жастарға кез-келген тығырықтан шығу үшін әр адамның басты бағдаршамы кітап болу керек екенін баса айтты. Сонымен қатар ізденімпаз жастарға арналған бірқатар мемлекеттік бағдарламаларға да тоқталды. Өңірдегі белсенді жастар Президент кеңесшісіне өздерінің көкейтесті сауалдарын жолдап, өңір жастарына арналған орталық қажет екенін айтты.
Өз кезегінде Президент кеңесшісі Мәлік Отарбаев айтылған жайттардың бәрі де өзекті екенін, оның орынды жүзеге асуына барша жұртшылық бір кісідей атсалысуы қажеттігін атап өтті.
Оның айтуынша, қандай жағдай болса да түсіністікпен қарап, мемлекеттің сындарлы саясатын қолдап, Жаңа Қазақстанды құру жолында ұйымшылдық танытқан жөн.
Басқосу соңында Атырау облыс әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев атқарылған жұмыстардың нәтижиелері мен ұтымды пікірлермен алмасуға осындай кездесулердің тұрақты өтіп тұрғандығы маңызды екенінін айтып, зиялы қауым өкілдеріне және жастарға алғысын білдірді.
13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?10 Қыркүйек, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырды