28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарОтандық тыңайтқыштардың жалпы көлемі 2032 жылға қарай 4 миллион тоннаға дейін ұлғайтылады. Бұл туралы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіндегілер айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бүгінде Қазақстанда химия өнеркәсібін дамытуға, сұранысқа ие өнімдерді жасауға бағытталған бірқатар жобалар жүзеге асырылуда. Негізгі екпін химиялық өнімдердің ауқымды және стратегиялық маңызды түрлеріне аударылады.
Еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуде агрохимиялық сала маңызды орын алады. Негізгі стратегиялық міндеттердің бірі – 2030 жылға қарай жергілікті шаруаларды азот, фосфор, калий сияқты отандық тыңайтқыштардың негізгі түрлерімен толық қамтамасыз ету. Осылайша 2032 жылға қарай ескі жобаларды қайта жаңғырту және жаңа жобаларды жүзеге асыру есебінен тыңайтқыштардың жалпы көлемі 4 миллион тоннаға дейін жеткізіледі. Карбамид, калий хлориді және дикальций фосфаты сияқты тыңайтқыштардың жаңа түрлерін шығару жоспарлануда.
Еліміздің фосфориттер, калий тұзы, барит, күкірт, мұнай, газ және т.б. есебінен бай шикізат әлеуетін ескерсек, еліміздің химия өнеркәсібін дамытудың келешегі қолайлы.
28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?