2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүрҚазақстанда табиғи монополиялар субъектілерінің сатып алу қызметі ережелеріне маңызды өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл жаңашылдық отандық өндірушіні қолдау мен оның тауар жеткізуге арналған конкурсқа қатысуына қолайлы жағдай жасайды.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары — Ұлттық экономика министрінің 2024 жылғы 19 сәуірдегі № 15 бұйрығына сәйкес, 2019 жылғы 13 тамыздағы № 73 бұйрықпен бекітілген табиғи монополия субъектілерінің қызметін жүзеге асыру қағидаларына отандық тауар өндірушілеріне арналған шартты баға артықшылығы туралы ереже енгізілді. Енді өтінімді қарау кезінде конкурстық комиссия қазақстандық компаниялардың пайдасына баға ұсынысын 10 пайыз шартты түрде төмендетеді.
Бұл отандық бизнестің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, оның мемлекеттік конкурсқа қатысуын ынталандыруға, әсіресе, өнімге ұзақ мерзімді сұранысты тұрақты түрде тудыратын тұрғын үй-коммуналдық секторды ауқымды жаңғыртуды көздейді.
Қосымша қолдау шарасы 2024 жылғы 24 желтоқсандағы № 109 бұйрықта бекітілген.
Сатып алу қағидасын реформалаудың екінші кезеңі шеңберінде мынадай өзгеріс көзделген:
* сатып алудың екі кезеңдік рәсімін енгізу: бірінші кезең-тек отандық тауар өндірушілер арасындағы конкурс;
* бірінші кезеңде жеңімпаз болмаған жағдайда, барлық жеткізушілер арасында ашық конкурс өткізу;
* жеткізуді жеделдету үшін сатып алу рәсімі мерзімін қысқарту.
Жаңа тетіктерді енгізу сатып алуды ашық өткізуге мүмкіндік, қазақстандық кәсіпорындарға нақты бәсекелестік артықшылық бермек. Бұл ұлттық өндірістің, өнеркәсіптің дамуына, жаңа жұмыс орнының пайда болуына жағдай жасайды.
2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова