Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыМәжіліс депутаты Аян Зейнуллин Жетісу облысы Көксу ауданындағы қант зауытының жұмысымен танысты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Көксу қант зауыты 1932 жылы құрылған. Зауыттың негізгі қызметі қант қызылшасы мен қант қамысын өңдеу және қант өндіруге бағытталған. Мәжілістің баспасөз қызметінің мәліметінше, Қазір мұнда 500-ге жуық адам еңбек етеді. Кәсіпорын жылына 250 мың тоннаға дейін қант қызылшасын өңдейді.
Жиын барысында Көксу қант зауытының директоры импорттық тауарларды тежеу арқылы отандық тауар өндірушілерді қолдау мәселесін көтерді. Оның айтуынша, импорттық тауарлардың бағасы салыстырмалы түрде төмен болғандықтан фабрика өнімді өз бағасынан арзандатып сатуға мәжбүр.
Мәжіліс депутаты өз кезегінде азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және нарықты отандық өніммен толықтыру стратегиялық міндет екенін атап өтті. Сондай-ақ отандық тауар өндірушілерді қолдау мәселесін назарға алатынын жеткізді.
Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар