Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекҚаржы министрлігі отандық өндірісті ынталандыруға және реттелетін сатып алудағы қазақстандық қамту үлесін ұлғайтуға бағытталған ведомствоның бірқатар бұйрықтарына (ҚМ 2024 жылғы 29 наурыздағы № 186 бұйрығы) түзетулер енгізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Мемлекеттік сатып алу және ұлттық компаниялардың сатып алу қағидаларына түзетулер отандық өндірушілерге келесі артықшылықтарды көздейді:
- 30% мөлшерде авансты міндетті түрде төлеу;
- қамтамасыз етудің барлық түрлерінен босату (шарттың орындалуын қамтамасыз ету, авансты қамтамасыз ету, сондай-ақ демпингке қарсы шаралар қабылданған жағдайда қамтамасыз ету сомасы);
- шарттық міндеттемелерді тиісінше орындамағаны үшін тұрақсыздық айыбын (айыппұлды, өсімпұлды) шарт сомасынан 10%-дан 3%-ға дейін төмендету.
Бұдан басқа, квазимемлекеттік сектордың сатып алуларына бір көзден алу тәсілімен офтейк-келесімшарттар жасасу, сондай-ақ отандық өндірушілерден тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді басым сатып алу (мемлекеттік сатып алудағы алып тастауға ұқсас) жөніндегі ережелер енгізілді, - делінген министрлік ақпаратында.
Сонымен қатар Мемлекет басшысының тапсырмаларына сәйкес, мемлекеттік сатып алу рәсімдерінде отандық өндірушілерді қолдау жөніндегі шаралар Парламент Мәжілісінде «Мемлекеттік сатып алу туралы» жаңа заң жобасын қарау шеңберінде пысықталуда.
Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБүгiн, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болдыКеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?