7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?Режиссер Жаннат Алшанованың «Победителей видно на старте» дебюттік фильмі Азиядағы ең беделді кинофорумдардың бірі – Пусан халықаралық кинофестивалінің (BIFF) «A Window on Asian Cinema» бағдарламасында көрсетілді. Фильм ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің және Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының қолдауымен түсірілген, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Жоба халықаралық копродукция аясында Франция, Нидерланд, Литва, Швеция елдерімен бірлесіп жасалды және Сауд Арабиясы Корольдігі де киноға қолдау көрсетті.
Фильмде 17 жастағы Мила есімді қыздың оқиғасы баяндалады. Ол ашық суда жүзетін команда құрамына кіргісі келеді. Сөйтіп еркін өмір сүріп, отбасындағы қиындықтан құтылмақ болады. Алайда мәреге жетер тұста оның өмірін өзгертетін таңдау жасауға тура келеді.
Басты рөлдерді Тамирис Жанғазинова, литвалық актер Валентин Новопольски, сондай-ақ Әсел Қалиева мен Медина Сағындықова сомдады. Фильмнің қоюшы-операторы – атақты француз маманы Каролин Шампетье.
Фильмнің түсірілімі 2024 жылдың тамыз-қыркүйек айларында Алматы қаласы мен Алматы облысында өтті. Постпродакшн жұмыстары 2025 жылдың жазында Франция, Нидерланд және Швецияда қатар жүргізілді.
Естеріңізге сала кетейік, 2025 жылдың тамыз айында «Победителей видно на старте» фильмінің әлемдік премьерасы Еуропадағы ең беделді кинофестивальдердің бірі – Локарно халықаралық кинофестивалінде өтті. Ал Азиядағы тұсаукесері 18-26 қыркүйек аралығында өтіп жатқан Оңтүстік Кореядағы Пусан халықаралық кинофестивалінде көрсетілді.
BIFF – Азиядағы ең ірі әрі беделді кинофорум. Оның «A Window on Asian Cinema» бағдарламасы көрерменді аймақ режиссерлерінің үздік жұмыстарымен таныстырып, заманауи азиялық кинематографияның негізгі бағыттарын көрсетеді. Фестиваль – халықаралық премьераларды көрсетіп, фильмдерді әлемдік нарыққа шығаратын маңызды алаң.
7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді1 Қазан, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?1 Қазан, 11:32
«Шындықты жайып саламын»: Роналду ұлттық құрамадан кетті ме?