6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерТаиландтың Бангкок қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы әзірге екі қола медаль еншіледі, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Алдымен 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Ғалия Тынбаева үздік үштікке енді. Қола жүлде үшін өткен белдесуде Тынбаева Тайбэйден барған Чен Хао Линьге қарсы шықты. Қазақстандық дзюдошы белдесуді сенімді өткізіп, жеңіске жетті.
Екінші жүлдені Шерзод Давлатов салды. Спортшы 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ел намысын қорғады. Қола жүлде үшін өткен белдесуде Шерзод өзбекстандық Бахром Ботуровты жеңді.
Сондай-ақ Нұраділ Әлжан қола медаль үшін күрескен еді. Алайда тәжікстандық Мухаммадсалех Куватовқа есе жіберді.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі