2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүрПремьер-министр Олжас Бектенов мемлекет басшысының авиаотын нарығын дамытуға қатысты тапсырмаларын жүзеге асыру мәселелері жөнінде кеңес өткізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Марат Омаров авиаотынға баға белгілеу тетігін жетілдіру: атап айтқанда, авиаотынды көтерме және бөлшек сауда, оның ішінде әуежайлар арқылы өткізу тәсілдерін ұсынды.
Импортты алмастыруға назар аударылды. Бүгінде «ҚазМұнайГаз» ҰК» тобының өндірісі отандық әуе компаниялар мен мемлекеттік авиацияның авиаотынға деген қажеттілігін қамтамасыз етіп отыр. «ҚазМұнайГаз» ҰК» деректеріне сүйенсек, 2031 жылға қарай «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС-нің кеңейту нәтижесінде авиаотын өндіру көлемі 1,5 млн тоннаға дейін артады.
Сонымен қатар әуежайларды қаржыландыру құрылымын өзгерту перспективалары талқыланды. Инфрақұрылымға қол жеткізудің сервистік моделін енгізу олардың авиаотыннан бақылауға алынбаған табыстарға тәуелділігін төмендетеді, сондай-ақ әуежай қызметтері саласының дамуына серпін береді. Осы бағытта әуежай инфрақұрылымын жаңғыртуды ынталандыру үшін келісілген инвестициялық жобалары бар әуежайларға біржолғы кейінге қалдыруды ұсына отырып, Президенттің «Экономиканы ырықтандыру шаралары туралы» Жарлығын орындау шеңберінде әзірленген Негізгі қуатқа қол жеткізу қағидаларын іске асыру мүмкіндігі қаралды.
Энергетика министрі Ерлан Ақкенженовтің, көлік министрі Марат Қарабаевтың, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Әсет Мағауовтың және басқалардың ұсыныстары тыңдалды.
Кеңес қорытындысы бойынша Премьер-министр бірқатар тапсырмалар берді.
2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова