Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыИндустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаевтың тапсырмасы бойынша әуе кемелер паркін ұлғайту және қазақстандық әуекомпаниялардың тасымалдау сыйымдылығын арттыру бойынша жұмыстар жалғасуда, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Сонымен, "SCAT" әуекомпаниясының әуе кемелер паркі сыйымдылығы 213 орындық "Б737 МАХ 9" моделінің алтыншы "Боинг" ұшағымен толықты. Бұл әуе кемесі әуекомпанияның флотын 32 бірлікке дейін, оның ішінде 25 "Боинг" моделіне дейін ұлғайтады.
Биыл әуекомпания сыйымдылығы тиісінше 174-тен (оның ішінде 12 бизнес-класс орындары) 189 орынға дейін 4 «Боинг-737» ұшағын алып, іске қосты.
Сонымен қатар, ағымдағы жылдың тамыз айынан бастап бұл борт алынған 9-шы әуе кемесі болып табылады және 2023 жылдың ақпан айының соңына дейін отандық тұрақты тасымалдаушылар тағы 5 ұшақ алады деп күтілуде, осылайша қазақстандық әуе компаниялардың тасымалдау сыйымдылығы 20%-ға артады, бұл да ұшуларды уақтылы орындауға оң әсер етеді.
Қазақстандық әуекомпаниялардың әуе кемелер паркін кеңейту жұмыстары жалғасуда және Азаматтық авиация комитетінің тұрақты бақылауында.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары