Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекМемлекет басшысы Атырауда өткен III Ұлттық құрылтайда кітап оқитын ұлт болудың маңызын атап өтіп, Ұлттық кітап күнін белгілеуді тапсырған болатын, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Соған сәйкес, биыл алғаш рет 23 сәуір – Ұлттық кітап күні болып атап өтілді. Осы мерекеде отандық әдебиетті кеңінен насихаттауды көздейтін «100 кітап» жобасы бастау алды.
Жалпыхалықтық сауалнама еGov.kz порталында 23 сәуірден 9 тамызға дейін жүргізілді. Сауалнамаға барлық өңірлерден жалпы саны 100 мыңнан астам адам дауыс берген. Қорытынды тізімге классикалық шығармалардан бастап, қазіргі заман авторларының да туындылары енді.
Толық тізім 11 тамыз күні Ұлттық құрылтайдың ресми сайтында жарияланады.
Сауалнама қорытындысының 10 тамыз – қазақ жазба әдебиетінің негізін салған ұлы ойшыл Абай Құнанбайұлының туған күніне орайластырылуы – жобаның рухани мәнін арттыра түсті. Іріктелген «100 кітап» ұлттың зияткерлік қуатын нығайтуға, қоғамда кітап оқу мәдениетін дәріптеуге және әдеби сабақтастықты жалғауға септігін тигізбек, - делінген Ұлттық құрылтайдың ақпаратында.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?