Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы11 қазан күні Астанада өтетін «Отандастар форумына» 40-тан астам елден 200-ге жуық отандасымыз қатысады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Олар – шетелдегі қазақ ұйымдарының басшылары, белсенділері, жанашырлары және шетелдегі ғылым, білім, мәдениет, бизнес, медиа, саясат сынды басқа да салалардың көрнекті өкілдері мен белгілі қайраткерлері.
Осы ретте форум алдындағы спорттық бағдарлама аясында қонақтар ұлттық құндылықтарымызбен етене жақын танысты.
Атап айтқанда, Ұлттық спорт қауымдастығы мен Салалық спорт федерацияларының мамандары ұлттық ойындарымыздан (тоғызқұмалақ, асық ату, садақ ату, қыз қуу, аударыспақ, көкпар, құсбегілік) қойылым көрсетті. Қонақтардың назарына қолөнер шеберлері жасаған ұлттық бұйымдар да ұсынылды.
Кезекті рет ұйымдастырылып отырған «Отандастар форумы» шетелдердегі қазақ ұйымдарының басын қосатын аса ауқымды жиын. Баршаңызға мәлім, ұлттық спорттың артында ұлтымыздың тарихы, салт-дәстүрі, намысы мен рухы тұр. Ұлттық спорт қауымдастығы ата-бабадан қалған қасиетті мұраны дамытуға бар күшін салып отыр. Отаны бірдің – тілегі бір! Береке-бірлігімізбен Қазақстанның мемлекеттігін нығайта түсеміз деген сенімдемін, - деді қойылым алдында сөз алған Ұлттық спорт қауымдастығының президенті Исламбек Салжанов.
Сондай-ақ қауымдастық президенті қандастарды келесі жылы Астанада өтетін V дүниежүзілік көшпенділер ойынына шақырды.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді