30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыҚұрметті отандастар!
Қазақстан халқы Ассамблеясы Сіздерді Отан қорғаушылар күнімен шын жүректен құттықтайды!
Бұл мереке азаматтық борышқа деген адалдықты, даңқты әскери дәстүрлердің сабақтастығын, жүрегі «елім» деп соққан және оның Тәуелсіздігін қорғауға дайын қазақстандықтардың ар-намысы мен қадір-қасиетін көрсетеді.
Өз Отанына қызмет ету және оны қорғау – Ұлы дала халқы үшін әрқашанда қасиетті борыш. Тарихымыз ерлік пен қайтпас қайсарлық, қайраттылық пен нағыз батырлық сияқты үлгі тұтарлық құндылықтармен біртұтас.
Бұл даңқты әскери дәстүрлеріміз ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келеді, бүгінде ол – халқымыздың ұлттық кодының бір бөлігі.
Тұңғыш Президент – Елбасы Н.А.Назарбаевтың саясатының арқасында бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері еліміздің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің сенімді әрі берік қалқаны.
Қымбатты жерлестер!
Осынау мерекеде Сіздерге бақыт, береке және амандық тілейміз! Ардагерлерімізге зор денсаулық пен ұзақ ғұмыр, сарбаздар мен офицерлерге қауіпсіз қызмет етуіне тілектестік білдіреміз!
Отанға қалтқысыз қызмет ету мерекесі әрқашан бейбіт өтіп, қуанышқа толы болсын!
Қазақстан халқы Ассамблеясы
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды