Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыЭкология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев Қазақстанда жолбарыстардың популяциясын арттыратынын жеткізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Мәжіліс отырысында депутат Дүйсенбай Тұрғанов министрден «Биыл көктемде Экология министрлігі Торғай өңіріне жабайы жылқыларды Чехиядан алып келді. Енді Балқаш және Арал өңіріне жолбарысты алып келеді деген ақпарат бар. Бұл не жоба, оның мақсаты қандай?» деп сұрады.
Ол – Тұран жолбарысы. Іле өзенінің жағасындағы орманда және Балқаш өзеніне құятын жердегі қамыс өсетін алқапта тұран жолбарысы болған. Соңғы жолбарыс сол өңірде 1948 жылы мекендеген. Сондықтан біз кер тағыны (жабайы жылқы – ред.) алып келіп, ондағы популяцияны қалпына келтіреміз деген үлкен бағдарламамыз бар. 2026 жылы ол 40 бас болады. Енді жолбарыстың популяциясын қалпына келтіру бойынша 2024 жылғы қыркүйектің соңына дейін Нидерландтан екі жолбарыс алып келеміз. Бұл Тұран жолбарысы тұқымдас Амур жолбарысы. Себебі осы екі жолбарыс қана суыққа төзімді. Қалған жолбарыстың бәрі жылы жерде өмір сүреді. Сондықтан келесі жылы Ресейден тағы төрт жолбарысты әкелеміз. Осылайша бізде болған жолбарыстың популяциясын қалпына келтіру мәселесін шешуге арналған бағдарлама бар, - деді экология министрі министр Ерлан Нысанбаев.
Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары