29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыҚостанай облыстық «Шарк» тәжік-өзбек этномәдени бірлестігі отбасылық үлгідегі «Жанұя» балалар ауылының тәрбиеленушілеріне жалпы салмағы жарты тоннадан асатын қарбыз, қауын, жүзім және тағы басқа жеміс-жидек өнімдерін тарту етті.
Қауымдастық балалар ауылына осыдан 15 жыл бұрын қамқорлық таныта бастаған, бұл іс әлі күнге дейін жалғасын табуда. Осы уақыт ішінде мыңдаған бала қауымдастық төрағасы Эргашвой Холметов және оның серіктестерімен әкелінген жеміс-жидек, көкөністер мен шырындардың нәрін бойларына сіңіруде.
Биыл этномәдени бірлестік 15 жылдығын атап өтпек.
Қонақтар жеміс-жидектермен, кәмпиттермен қоса ұн да әкелді. Балалар ауылында бұл тағам түріне сұраныс мол, себебі, тәрбиеленушілер жейтін нан, тоқаш өнімдері балалар үйінде молынан пісіріледі. Достық Үйінің ұжымы ұйымдастырған көңілді байқаулар сәбилердің көңілінен шықты. Кездесу үйдегідей жайбарақат жағдайда өтті.
«Мен бұл жерге қуана келемін. Балалар – біздің бақытымыз, болашағымыз, ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға, әсіресе бүлдіршіндерге қуаныш сыйлау – біздің азаматтық парызымыз», - дейді Эргашвой Эрматович.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек