29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыҚостанай облыстық Корей этномәдени бірлестігі үшінші жыл қатарынан кәріс ұлтының қарияларына ұлттық мәдениет күнін ұйымдастыруда.
Олар 81 жыл бұрын Қазақстанға еріксіз қоныс аударған 75-90 жас аралығындағы және Қазақстанға кіндік қаны тамып, еліміздің дамуына сүбелі үлес қосып келе жатқан қарияларға құрмет танытып келеді.
«Биыл біздің мерекеге 90 адам қатысты. Қарияларымыз қуатты, ұйымдастырылатын іс-шараларға қуана атсалысады. Бұл жыл біз үшін маңызды – «Коре Ильбо» кәріс газетінің шыққанына 95 жыл толды. Газет жариялау жұмысы Таяу Шығыстан бастау алып, халықтың еріксіз қоныс аудару кезеңінде Қазақстанда жалғасын тапты. Газет әлі күнге дейін Алматы қаласында басылып шығады. Аталмыш республикалық газетке Қостанай облысының жаңалықтарын қамтитын мақалаларды біздің тілшіміз Федор Мин жібереді. Мерекелік кеш газетіміздің тарихынан сыр шертетін фильмнің көрсетілуімен басталды», - деп жеткізді корей этномәдени бірлестігі төрағасының орынбасары Ульяна Ким.
Іс-шара барысында этномәдени бірлестік қатарында 10-15 жыл қатарынан белсенділіктерімен танылған 10 адамға алғыс хат табысталды.
Іс-шара сауықтық бағдарламамен жалғасты. Қонақтар үшін «Ен-коди» хоры, «Миринэ» жастар тобы ән шырқап, балалар да бар өнерлерін ортаға салды. Әрбір қонаққа азық-түлік жинақтары сыйға тартылды.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек