2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр«Қазақтану» республикалық жобасының мән-мағынасын және Қазақстан халқының ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарын, мәдени, әдеби мұраларды, философияның маңыздылығын түсіндіру мақсатында Қостанайдағы орталық коммуникациялар қызметінде баспасөз мәслихаты ұйымдастырылды.
«Қазақстан аумағында өмір сүретін ұлт өкілдері қазақ мәдениетінен хабардар болуы тиіс. Қазақстанға еріксіз қоныс аударған халықтар үшін бұл жер баспана болды. Қазақстан біздің Отанымызға айналды. Өзге ұлт өкілдері қазақ халқының және өз елдерінің мәдениеттерін салыстырып, өзара ортақтастығын қалыптастыруы қажет», - деді ҚХА мүшесі Зинаида Чумакова.
Сонымен қатар З. Чумакова тілшілердің сауалдарына жауап беру барысында жаңа роман жазуға кіріскендігін жеткізді. Романның атауы мен мазмұнына тоқталған жоқ, бірақ бұл еңбектің көп ұзамай жарық көріп, оқырмандарға жол тартатындығын жеткізді.
Өз кезегінде, әлеуметтік ғылымдар факультеті археология және этнология кафедрасының профессоры, тарих ғылымдарының докторы Жамбыл Артықбаев мәдениеттер ортақтастығының түп тамыры тереңде жатқандығын жеткізді. Бұған тарихи дәлел де бар. Ғалым өзінің қазақ халқының этнографиясы бойынша оқулық жазу идеясымен бөлісті. Қазақстан халқы Ассамблеясы өз тарапынан бұл жобаға қолдау танытуға уәде берді.
2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова