Кеше, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі
Қостанай облысының полиция департаменті жоғалған 5 жасар Мадинаны іздестіру тәсілдерін өзгертті,–деп хабарлайды El.kz.
Енді тәртіп сақшылары мен еріктілер баланың мінез-құлқындағы ерекшелігін ескеріп, іздестіруді тыныш режимде жүргізіп жатыр.
«Іздеу шараларының тактикасы мамандар ұсынысы негізінде өзгертілді. Іздестіру баланың мінез-құлқындағы ерекшелігін ескере отырып, тыныштық режимінде жүргізіліп жатыр. Аумақты тінту бағыты да өзгерді. Егер бұрын аумақты зерттеу Тобыл өзенінің бойымен жүргізілсе, енді Тобылдан Жамбыл ауылына қарай бағыт алады. Түнде адамды дене температурасының жылуымен анықтайтын тепловизорлар арқылы іздеу тактикасы қолданылды. Таңертең төрт бағыт бойынша 100 шақырымға дейінгі іздеу аймағын қайта жүріп өту жұмыстары басталды», – деп мәлім етті жергілікті құзырлы органның баспасөз қызметінен.
Кеше, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліКеше, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс