Бүгiн, 13:39
Көк тудың артында тұрған тағдыр: Шәкен Ниязбековтің көпшілік біле бермейтін қыры
Бүгін AMANAT партиясының барлық өңірлік филиалдарында Қостанай облысындағы табиғи өрттен зардап шеккендер үшін гуманитарлық көмек жинау пункттері жұмысқа кірісті, деп хабарлайды El.kz.
Онда бірінші кезекте қажетті тауарлар, азық-түлік (сақтау мерзімі ұзақ), жылы киім, тазалық құралдары керек.
Алматыдан келген ерікті Жандос Тәліповтың айтуынша, мұндай жағдайда шетте қалуға болмайды.
«Зардап шеккендерге жай сөзбен ғана емес, іспен де көмектескім келеді. Мен барша қазақстандықтарды зардап шеккендерге көмек көрсетуге шақырамын, Қостанай-Біз біргеміз!»,- деді ол.
Өскемендік еріктілер де дәл осындай уақытта ауызбіршілік көрсету керек екенін айтады.
«Себебі өзгенің басына түскен қиындыққа бейжай қарап, қол қусырып отыруға болмайды. Біз зардап шеккендерге мүмкіндігінше тезірек қалыпты өмірге оралуға жағдай жасап, көмектесуіміз керек», – деді өскемендік ерікті Марлен Әбубәкір.
Айта кетейік, қазірдің өзінде қазақстандықтар жолдаған алғашқы көмек жиын пункттеріне келіп түсуде.
Бүгiн, 13:39
Көк тудың артында тұрған тағдыр: Шәкен Ниязбековтің көпшілік біле бермейтін қыры7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді1 Қазан, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?