Кеше, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс
Қостанайдың Жастар сарайында украин халық шығармашылығының ХХІІІ фестивалі өтті.
Фойеде төселген түрлі-түсті долақты алашаларды, көде шөптерді, қабырғаға ілінген украин стиліндегі сүлгілерді, күнбағыстан, көкнәрдан, кекіреден өрілген гүлдестелерді көрген іс-шара қонақтары украиндық хуторға енгендей әсер алғандарын жасырмады дейді шараны ұйымдастырушылар.
Аудан тұрғындары қолөнер көрмесін ұйымдастырды. Мысалы, Қамысты кентінің әртістері қолөнер бұйымдарымен қатар картоп, шие қосылып әзірленген вареник, сало әкеліпті. Ал кесте тігуге арналған машина көрменің айрықша экспонатына айналды.
«Зығыр матадан тігілген бұл жейдені менің таныстарым ұзақ уақыт бойы сақтап келеді, бұл киімді тың игеруге келген укранидықтар алып келген. Барлық өрнектері бисермен кестеленген. Олар бұл жейдеге қарап отырып туған жерге деген сағынышын басады», - дейді Қамысты кентінің тұрғыны Ольга Комарь.
Халық әндерін нақышына келтіріп орындаған украин фестивалінің тұрақты қатысушылары, Рудный қаласынан келген «Мрия» хоры көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.
Қонақтар «Сорочин жәрмеңкесінде» қолөнер шеберлерінен көздің жауын алатын бұйымдар, тіпті емдік шөптерден дайындалған шай сатып алды.
Мерекелік концерт барысында ұлтаралық бірліктің символына айналған, өмір ағашы – Бәйтеректің пайда болу тарихынан сыр шертетін әсем суреттер көрсетілді.
«Эстель» және «Зарянка» ансамбльдерінің бишілері қазақ және украин халық мәдениеттерінің тоғысатын сәттерін ұсынды.
Көрермендер облыстың барлық аудандарынан келген шығармашылық ұжымдардың өнерлерін тамашалап, көңілдерін бір көтеріп тастады. Барлық әртістерге алғыс хаттар, ал көрме ұйымдастырған аудан өкілдеріне сыйлықтар табыс етілді.
Кеше, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды